Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШЕКТЕУ ЖОҚ

c 19:14, 13/11/2020 c 483

0:00 / 0:00

Тағдырдың тәлкегіне түсіп, қоғамнан тыс қалып жататын мүмкіндігі шектеулі жандарды елдің саяси өміріне тарту қажет. Осылайша мүгедектігі бар жандардың да өз көз қарасын, саяси ұстанымын білдіруге шектеу болмауы тиіс.Бұл мәселе Орталық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды. Еңбек министрлігі 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында мүгедек жандар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету мәселесі қолға алынғанын мәлімдеп отыр. Осыған орай сайлау учаскелері мүгедектердің  жүріп-тұрулары үшін пандустар, шақыру кнопкаларын, тактильді плиткалар, мониторы бар компьютерлер, қосымша жарықтандыру, трафареттер жәнеонлайн-сурдоаударма немесе ымдау тілі мамандарының кезекшілігін қамтамасыз етуі қажет.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 700 мыңнан асып жығылады. Әрқайсының тағдыры әртүрлі. Бірі туа біткен мүгедек болса, енді бірі тағдыр тәлкегіне түсіп мүмкіндігі шектеліп отыр. Алайда, мұндай жандар қоғамнан тыс қалмауы керек. Мүгедектердің жүріп-тұруы, заман ағысына қарай қозғалыста болуы, жұмыспен қамтылуы тиіс. Қазақстанда бұл мәселе енді қолға алына бастады.Ал  мүмкіндігі шектеулі жандардың да өз саяси көзқарасын білдруге жағдай жасалуы тиіс. Дөңгелек үстел басына жиналғандар алдағы Парламенттік сайлауда мүгедектердің дауыс беруіне, саяси өмірге араласуына мүмкіндік беру мәселесі талқыланды. Парламент сайлауында сайлау учаскелері мүгедектердің  жүріп-тұрулары үшін пандустар, шақыру кнопкаларын, лифтілер мен тактильді плиткалар, мониторы бар компьютерлер, қосымша жарықтандыру жәнеонлайн-сурдоаударма немесе ымдау тілі мамандарының кезекшілігін қамтамасыз етуі қажет.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға сайлау барысында бақылау комиссияларына қатысуын қамту мәселесі көтерілді.

Эльвира Әзімова – ҚР адам құқығы жөніндегі уәкіл «Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жалпы сайлау өтетін жерлерде жасалған жағдай, мекеме ішіндегі қолайлылық және ең бастысы, бақылау комиссияларына қатысу жағы да ескерілуі керек. Бұл мәселені біз қазір бақылау комиссияларына қатысу жайына қатысты талқылау жүргізіп жатқан ЕҚЫҰ-мен ақылдастық. Әрине, ең маңызды жайт – азаматтардың денсаулығы. Қазіргі жағдайға байланысты тәуекел барын да жоққа шығармаймыз. Алайда, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бақылау комиссиясына қатысуға деген ниеті жоғары. Сондықтан, мұндай азаматтардың бақылау комиссиясынақатысқаны дұрыс»

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялаудың арқасында елде ерекше жандарға  көңіл бөліне бастады. Дегенмен, мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамтуда әлі де болса артта қалып отырмыз. 700 мың мүмкіндігі шектеулі жанның әзірге 645 ғана еңбекке тартылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.