Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сарып ауруы анықталды

c 18:09, 15/08/2019 c 970

0:00 / 0:00

Мал саулығы - жан саулығы. Қала аумағында сарып ауруына шалдыққан мал анықталсымен жауапты орындар төрт түлікті қатаң тексеріс шараларына кіріскен. бұл бағытқа биыл бюджетен 10 млн. теңге қаражат бөлінген. Қазір қала маңындағы 10-ға жуық ірілі ұсақты шаруа қожалықтарында 4 мың ірі қара, 300- ге жуық жылқы мен 5 мыңнан астам ұсақ жантық бар. Үй хайуанаттарының уақытылы егілуі мал дертін сейілтеді.

Сонымен қоса, қалада бұралқы иттерден төнер қауіп те сейілмей отыр. қаңғыған ит мысықтармен күрес жұмыстарын да осы "Орал қалалық ветеринария станциясы" атқарады. Биыл 3200 -ге жуық иесіз иттің көзі жойылған. Жылына мыңдаған ит пен мысық атылса да қаңғыған иттердің қайта-қайта көбейіп отырғаны иелерінің иттеріне ие болмауынан - дейді станция директоры. Қаңғыбас иттерді иесі табылғанша ұстауға арналған арнайы орын Оралда жоқ. Ветеринариялық станцияның басты мәселесі - осы.

Орал қаласындағы он мыңдай ірі-қара мен ұсақ малға жасалған диагностикалық сараптама нәтижесінде, Деркөл, Зашаған, Круглоозерное ауылық елді-мекендерден 11 ірі-қара мен 11 қойдан сарып, яғни бруцеллёз ауруының белгілері анықталған. Халыққа да қауіпті ауруға шалдыққан малдардың көзі жойылған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.