Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ-2022

c 12:10, 06/06/2022 c 519

0:00 / 0:00

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 дауыс беру учаскесіне келіп, республикалық референдумда өз таңдауын жасады. Дауыс беру рәсімінен соң мемлекет басшысы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Тоқаев референдумнан кейін қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтты. Сондай-ақ, қаңтар трагедиясына қатысты сұрақтар орын алды. Президент қаңтар оқиғасына 20 мың террорист қатысқаны туралы бұрын жарияланған ақпаратқа қатысты да пікір айтты.

Бір айдан бері жарыса айтылған референдум бүгін өтіп жатыр. Қазақстандықтар Конституцияның 33 бабына енгізілетін 56 түзетуге дауыс беруде. Халық алдына саяси реформаларды енгіземін деп шыққан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та референдумға қатысып, дауыс берді. Тоқаев елордадағы №59 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап, журналистердің алдына шықты.
Елде орын алып жатқан өзгерістерге қаңтарда болған қайғылы оқиға себеп болды. «Қаңтар трагедиясы», «қаңтар қасіреті» деп аталып кеткен бұл оқиға халықтың ғана емес, биліктің де санасын оятты дейді сарапшылар. Тоқаев енді мұндай қайғылы жағдай орын алмайды деді. Ал қаза болғандардың толық тізімі жарияланады, көпшілікке мәлім болады деп сендірді.

Сондай-ақ, Президент қаңтар оқиғасына 20 мың террорист қатысқаны туралы мәліметті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары бергенін айтты.

30 жыл бойы Қазақстанның экономикасын дамытып жатырмыз деп ұрандатып жүріп, жекелеген азаматтардың байып шыға келгенін аңғардық. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жарты байлығы 162 адамның қолында екенін айтқан болатын. Тіпті үкіметке шетелге заңсыз шығарылған кпаиталды қайтару жолдарын әзірлеуді тапсырғанды. Ал бүгін Ақорданың баспаөсз қызметі Президенттің Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылғанын хабарлады. Бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады. Комиссияға бас прокурор жетекшілік етіп, Мемлекет басшысы өзі бақылауында ұстамақ. Ата заңға енгізілетін түзетулерге дауыс берген Президент Тоқаев референдумнан кейін қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтады.

Бүгін республика бойынша 10 мыңнан астам дауыс беру участогі жұмыс істеп жатыр. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, түске дейін Қазақстан халқының 43 пайызы белсенділік танытып, дауыс берген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.