Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полигондар қарға толған

c 17:56, 22/01/2021 c 532

0:00 / 0:00

Оралдық коммуналдық қызметкерлер демалыссыз қар тазалайтын болды. Бұл туралы қалалық әкімдік мамандары мәлімдеді. Тазалыққа жауапты мердігер мекемелер сайлаған техникаларын шығарып, қызу жұмысқа кіріссе, жеке сектор тұрғындары қарды өз беттерінше күреп, шығаруда.Қаланы қардан 170 техника тазартып жатыр. Өткен түні басталған жұмыстар әлі де жалғасуда. Барлық коммуналдық-тазалық мекемелері 300-ден астам қала көшесін, барлық айналма жолдарды басқан ақ ұлпаны полигонға шығаруда. Қала аумағында қар төгуге арналған «Телецентр» ауданындағы полигон толуы себепті, Асандағы аумаққа қар тасылып жатыр. Оған қосымша Зашағаннан да арнайы орын қарастырылған. Айта кетейік, бірінші кезекте қоғамдық көліктер жүретін жолдар тазаланып жатыр. Одан кейін басқа көше жолдары қардан аршылады. Енді техникалар, кезекші бригадалар тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.