Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өзіңді өзің өлтірме!

c 17:44, 15/08/2019 c 757

0:00 / 0:00

Өзін-өзі өлімге қию жасөспірімдер арасында неге тиылмай тұр? Қазіргі қоғам үшін шешімі жоқ қиын жағдайға айналып отырған осынау суицидтің қайтсек жолына тосқауыл қоюға болады. Бүгін осы тақырып жаңа оқу жылы қарсаңында Достық үйі ғимаратының қабырғасында талқыланып, шараға шақырылған мамандар тақырыпқа қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Облысымызда жыл басынан бері екі бірдей бойжеткенді өз-өзіне қол жұмсамақ болған жерінен куәгерлер құтқарып қалған. Мұндай оқиғалар кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық.Дөңгелек үстелге жиналған мамандар жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жеткіліксіздігі, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әр түрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдерді көру, отбасылық тұрмыстың қолайсыздығы мен қолдаудың болмауы сияқты факторларды атаған. Абыройсыз өлім ақыл-есі кемдіктен болады деген де болжам бар.Оқу жылының алдында бас қосқан үкіметтік емес үйым өкілдері мен құзырлы орган мамандары соңғы уақытта өз өзіне қол жұмсау дерегі азайып келе жатқанын айтады. Цифрларды сөйлетсек, 2017 жылы 10, 2018 жылы 4 өлім тіркелген. Бұл осыдан 10 жыл бұрыңғымен салыстырғанда бірнеше есе төмен. Деседе мұнымен тоқмейілсуге мүлдем болмайды. Балалардың басты проблемасы - жалғыздық. Егер мектепте қандай да бір проблема туындаса, ата-ана балаға көмек көрсетуі керек, ал отбасындағы түйткілді мәселеге ұстаздар тарапынан назар аударылуы тиіс. Ең өкініштісі, соңғы жылдары елімізде он жастағы балалар арасында да өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары кездеседі. Әр адамның өмірі - өзіне қымбат. Тіршілікте бір-ақ рет берілетін қамшының сабындай қысқа ғұмырды өз қолымызбен шектемей, жалғанның жақсылығын сезініп, бақытты болуға тырысқанға не жетсін. Шыбын жаныңды өз қолыңмен қиып, тығырықтан шығар жол таптым десең, қателесесің, жеткіншек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.