Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Онлайн соңғы қоңырау

c 08:00, 23/05/2020 c 897

0:00 / 0:00

Биыл мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді. Елордалық 6 мың 515 түлек алтын ұя мектебімен онлайн қоштасып, маусымның 3-і күні аттестат алады. Нұр-Сұлтан қаласының білім беру басқармасы мектеп бітірушілер кешін өткізуге тиым салды. Осылайша жылдағыдай қымбат көйлек алып, мейрамхана жалдап аста-төк кеш өткізу болмайды. Ал ағымдағы жылы мектепке барғалы отырған жас бүлдіршіндерді қабылдау egov.kz порталы арқылы жүргізіледі. Елорданың білім саласындағы жаңашылдықтар жайында бүгін өткен онлайн брифингте білім басқармасының  басшысы Шолпан Қадырова хабарлады.

Сыңғырла соңғы қоңырау! Алайда биылғы оқу жылының ақяталуы барысында қоңырау соғылмайды. Мектеп бітіруші түлектердің алтын ұя мектебін қимай қоштасу сәті болмайды. Әлемді жайлаған коронавирус адамзаттың қалыпты өмірін айтарлықтай өзгертті. Пандемия барысында карантин талабын сақтау қажет. Сондықтан елорда мектептерінде биыл соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді.

Бүгінде мектеп бітірудің өзі үлкен тойға айналғалы қашан. Ата-аналар баласы үшін барын шашып,  қымбат кеш көйлектері мен кастөм-шалбарын әперіп, асаба жалдап, мейрамханада мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізеді. Қалтасы көтермейтін ата-аналардың балалары кештен бас тартуға барып жатады. Биыл мұндай аста-төк той болмайды.

Биыл елордада 6,5 мыңнан аса түлек мектеп бітіріп жатыр. Маусымның 20 мен шілденің 5-і аралығында өтетін ҰБТ тапсыру барысында санитарлық норма қатаң сақталатын болады. Сынақ тапсыру барысы 4 сағатқа жуық өтеді. Ал биыл «мен мектепке барамын» деп отырған бүлдіршіндерді қабылдау рәсіміне де өзгеріс енді. Енді баланың құжатын жинап мектеп табалдырығын тоздырмай,

бірінші сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке және сыныптан сыныпқа ауыстыру egov.kz порталы арқылы жасалады.

Бас қаланың білім беру саласындағы тағы бір жаңалық- жергілікті бюджеттен кәсіптік-техникалық колледждерге бөлінген гранттың саны мәлім болды. Қаладағы 21 колледжге 3 602 орынға тапсырыс жасалды. Колледждерге де  құжат қабылдау тәртібі автоматтандырылған және egov.kz электронды порталы арқылы жүзеге асырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.