Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оңай олжаға алданғандар

c 10:39, 10/11/2020 c 334

0:00 / 0:00

17 мың қазақстандық қаржы пирамидасына алданып қалды. Оларға 21 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілді. Бас прокуратураның хабарлауынша, алаяқтар ломбард қызметін ұсындық деген жалған ақпаратпен қаржы пирамидасын құрған. Елде 350 ломард пен онлайн-кредитордың қызметі тексеріліп, заң бұзушылықтар анықталды.

Қаржы пирамидасы деген ХХ ғасырдың басында пирамиданың авторы және ұйымдастырушысы болған итальяндық алаяқ Чарльз Понцидің атымен байланыстырады.  Ол 1882 жылы Понци пирамидасын құрды. Осылайша ең алғашқы қаржы пирамидасы АҚШ-та пайда болған. 1919 жылы Чарльз Понци вексельді ақшаға айырбастау арқылы ақша тартумен айналысатын компаниясын құрады. Соңғы 100 жыл ішінде Понцидің ізбасарлары қаржы пирамидаларын құруды жалғастыруда, оның ішінде Қазақстанда да бар. Елде  соңғы үш жыл қаржы ұйымдарын құру бойынша 180 оқиға тіркелген.

Сәлима Жүрінова – ҚР қаржы нарығын реттеу агенттігінің басқарма басшысы «Өткен жылмен салыстырғанда, ағымдағы жылдың 7 айында  заңсыз қаржы ұйымдарын құрғандар бойынша  қылмыс 8 есеге артты. 3 млрд теңге шығын келтірді»

Әрине қаржы пирамидасын құрушылар  халықты алдап, арбаудың неше жолын ұсынады. Криптавалюта, шетелдік компаниялардың акциясын, туристік жолдамалар сатамыз, жұмысымыз заңды деп сендіреді. Алайда, іс жүзінде аңқау азаматтар қолындағы бар ақшасын алаяққа беріп қойғанын сезбай қалады. Бұл жағдайға жеңіл пайда табуды көздегендер ұрынып жатады. Осылайша өзі батпаққа белшеден батқанын білмей, таныс-тамырын тартып, сендіріп, көндіреді.

Мақсат Орақбаев – ҚР бас прокуратурасының бөлім басшысы

«Өздеріңізге мәлім, елде заңсыз құрылған қаржы ұйымдарының әрекетінен 17 мың азамат зардап шекті. Оларға келтірілген шығын көлемі 21 миллиард теңгені құрады. Бұл ұйымдар ломбард қызметін ұсынған болып, заңсыз әрекеттерін жасауда. Осыған орай 350 ломбард пен онлайн-кредиторға тексеріс жүрзіліп, барлығынан заң бұзышылық анықталды.Олар қарыз алушылардың құқығын бұзған».

Тек 2020 жылы елде қаржы пирамидасын құрған 33 дерек тіркелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.