Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Несиеге тамақ алып жатыр

c 20:45, 12/02/2020 c 563

0:00 / 0:00

Айлығы жетпей жатқан азаматтар несиеге тамақ сатып алуға мәжбүр. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров  Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында, кедейшілік көбейіп бара жатқанын айтты. Мәжілісмен министрлер кабинетінен кедейшілік шегін ең төменгі күн көріс деңгейінде белгілеуді сұрады. Төменгі күн көріс деңгейін қайта есептеп, қажетті тауарлар мен қызмет көресту түрлерінің нақты шығынын әлемдік стандарттарға сай   көрсетуді талап етті. Депутат Қоңыровтың пікірінше, әлеуметтік жағдай ушыққанда бір реттік төлемдер жасағанша, еңбек ақы мен кепілденділірген өмір стандарттарын жүйелі түрде жүргізетін мемлекеттік саясат қажет.

Мәтін. Үкіметке арналған депутаттық сауалда халықтың күн көру деңгейінің төмендігі айтылды. Бүгінде 2 миллион қазақстандық кедейшілік шегіне жеткен.  Бұл ресми мәлімет. Атаулы әлеуметтік көмек сұраған халық күн көрісіне жетпей жатқан соң, осы төлемақыны алуға мәжбүр. БҰҰ стандарттарына сәйкес, кедейлер қатарына күніне 5 доллар жұмсайтындар  жатады.

Айқын Коңыров –ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Азық-түлікке отбасы бюджетінің тең жартысы жұмсалады. Азаматтардың 50 пайызының тамаққа жұмсап жатқан шығын 10,12 пайызды құрайды. Тіпті күнделікті қант-шайын, нанын кредитке алып жатқандар бар. Қарызға алатындар бар. Ал баға болса шарықтап жатыр. Шалғайда ауыл тұрғындары қосымша жұмыс іздеуге мәжбүр».

Депутаттың айтуынша, еңбекақының төмендігінен «жұмысбасты, бірақ кедей» азаматтар категориясы қалыптасып жатыр. Ең төменгі жалақы алатындар әлеуметтік қажеттілігін қамти алуы керек. Баспаналы, демалуға шығып тұратын, білім алуға, денсаулығын қаратуға ақшасы жетуі керек. Ал біздің елде ең төменгі жалақы ең төменгі күн көріс деңгейіне сәйкестенділірген. Бұл қалыпты өмір сүру талаптарына жауап бере алмайды.

Айқын Коңыров – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Жалақы өмір сүру қажеттелігін жабуы керек. Ең төменгі жалақы күн көріс деңгейінен жоғары болуы тиіс. Өйткені оның отбасында жұмыс істемейтін адам да болуы мүмкін ғой.Сондықтан  Үкімет пен жергілікті  атқарушы органдар қоғамдағы әдліеттілікті орнатуы тиіс. Қазақстандықтарға тиісті деңгейде өмір сүру сапасын орнату керек. Әйтпесе бізде сот істері бойынша статистика көрсеткіші көбейіп кеткен ».

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда ең  төменгі күр көріс деңгейі 2-3 есеге төмен көрсетілген. Осы есепті назарға алсақ, елдегі кедейлер саны 3 пайызды емес, 60 пайызды құрайды. Сондықтан да  ең төменгі күн көріс деңгейі дұрыс есептелмеген, ал халықаралық стандартқа сай, азық-түлік тұтыну себеті бес жылда бір қайта қарастырылп отыруы керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.