Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СӘН КӨРСЕТІЛІМДЕРІ

c 15:39, 17/09/2021 c 759

0:00 / 0:00

Қала күніне арналған шаралар сән әлемін де айналып өтпеді. Шаһарда балаларға арналған "ФЭШН КИДС" республикалық жобасы оздырылды. Сән тұғырынан жас модельдер жүріп өтті. Сәнқойлардың ең кішісі небәрі 3 жаста. Жобаның басты артықшылығы-мүмкіндігі шектеулі жандар да қатыса алды. Көрсетілімде балаларға арналған киімдер ұсынылды. Бүлдіршіндерді дайындаған мамандар жұмыс барысы қиын, әрі қызықты болғанын айтады.  Қала күніне орай өткен тағы бір жоба "УРАЛЬСК ФЭШН ВИК". Әкімдік қолдауымен жүзеге асқан сән жобасына биыл танымал 9 дизайнер қатысып отыр. Республикалық жобаның биылғы ерекшелігі көршілес облыстардан бөлек Өзбекстан елінен келген дизайнер де қатысты. Сән көрсетілімінде ұлттық нақыштағы киімдерден бастап, арнайы костюмдер, іскер әйелдер киімдерінің топтамасы және қыз-келіншектердің ерекше талғамына сай кешкі көйлектер топтамалары таныстырылды. Биыл мерекелік бағдарламалардың негізгі желісі 10-19 қыркүйек аралығында өтеді. Қала күніне орай Облыстық ІІІ «Жайықтың би әлемі» фестивалі және түрлі шығармашылық кештер жоспарланған. Мерекелік іс-шаралар қала өнерпаздарының қатысуымен өтетін «Туған қалам – Орал» атты гала концертпен қорытындыланады.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.