Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

c 10:07, 16/11/2020 c 625

0:00 / 0:00

Елордада өтіп жатқан облыс әкімдерінің дәстүрлі брифингінің бүгінгі қонағы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов болды. Өңір басшысы пандемия барысында жұмыссыздықпен күрес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Өздеріңізге мәлім мұнайлы өлкенің экологиялық ахуалы өте наша. Әкім Досмұхамбетов қоршаған ортаны қорғау үшін ірі кәсіпорындарға қойылатын талаптар күшейтіліп жатыр дейді.

Табиғат ананы қорғау мәселесі қай өңірде болмасын басты мәселе болып тұр. Сол сияқты мұнайлы өлке-Атырау облысындағы нөмір бірінші проблема-экология. Экологтардың айтуынша, зауыттар экологиялық ахуал жайындағы мәліметті юір тәулікке кешігіп береді. Өңірде қоршаған ортаға келген зиянды қалдықтардан  теңіздегі итбалықтар мен балықтардың қырылуы дерегі тіркеліп жатады. Қазақстанда өндіріліп жатқан мұнайдың 55 пайыыз Атырау облысына тиесілі. Өңірде 25 мұнай-газ компаниясы жұмыс істейді. Ксәіпорындардан шығып жатқан зиянды қалдықтардың көлемі 180 мың тоннаны құрайды. Облыс әкімі Досмұхамбетов мырза, экологиялық ахуалды жақсарту үшін, ірі компанияларға қойылатын талапты күшейтіп жатырмыз дейді.

Өңірлердегі, тіпті жалпы елдегі тағы бір мәселе-жұмыссыздық. Пандемия барысында жұмыссыз қалғандар саны едәуір артты. Атырау облысында жұмыссыз ақлғандар саны 4 есеге артқан. Облыс басшылығы табысынан айырылған халықты жұмыспен қамту, бизнеске тарту мәселелерін қолға алдық дейді.

Дегенмен, ұсынған жұмыстан бас тартып жататындар да жоқ емес. Кейбір азаматтар жұмысқа тұрғаннан гөрі, жұмыссыздық үшін алып отырған өтемақысын қанағат тұтқанды жөн көріп жатады. Сондай-ақ, облыста мұнай-газ саласы бойынша бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Солардың ең ірісі - Теңіз кен орнындағы «Келешек кеңею» жобасы. Оның жалпы құны 45 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді, - дейді әкім. Атыраудың өнеркәсіптік өнімдегі мұнайдың үлесі 88 пайызды құрайды. Биыл 10 айда 39 млн 300 мың тонна мұнай өндірілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.