Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МИНИСТРДІҢ БОЛЖАМЫ

c 12:45, 19/07/2022 c 1287

0:00 / 0:00

Елде қауіпті індет-коронавирустың таралуы күшейіп жатыр деп дабыл қағады денсаулық сақтау министрі. Тіпті Үкімет бүгін өткен отырыста шектеулер енгізді. Үкімет ғимаратында маска кию міндеттелді және БАҚ-ң отырысқа қатысуына шектеулер қойылып, 10 БАҚ өкілдігі ғана кіретін болды. Бүгін баспасөз маслихатын өткізген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша жаңартылған болжамды жариялады. Пессимистік сценарий кезінде бір тәулікте науқастардың саны 4 мыңға дейін тіркелуі мүмкін. Шынайы сценарий кезінде тәулігіне 2 400-ге дейін анықталады. Ал оптимистік сценарий жағдайында өрбісе, онда бір тәулікте 1000-ға дейін адам індет жұқтыруы ықтимал дейді министр. Ағымдағы жылы коронавируспен күреске қазынадан 100 миллиард теңге бөлініп отыр.

Коронавирустың алтыншы толқынына кіріп жатырмыз. Қауіпті індетті жұқтыру деңгейі тамыз айында өршиді деген болжам айтады министр. Алдағы айда пессимистік сценарий кезінде бір тәулікте науқастардың саны 4 мыңға дейін тіркелуі мүмкін. Шынайы сценарий кезінде тәулігіне 2 400-ге дейін. Ал оптимистік сценарий жағдайында өрбісе, онда бір тәулікте 1000-ға дейін адам індет жұқтыруы ықтимал дейді бас дәрігер. Дегенмен, елімізде ковид жұқтырғандардың саны тамыз айының соңында және қыркүйек айында төмендейді деген болжам да бар.

Министр ханымның айтуынша, қазір әлем тап келіп отырған омикронның ВА.5 және ВА.4 типтерінің клиникалық картинасы тұмау түріндегі жіті респираторлық вирустық инфекцияға ұқсас өтіп жатыр. Инфекцияның дәл қазіргі толқынында дельта-вирустағыдай өкпені зақымдау белгісі жоқ. Министрліктің соңғы деректер бойынша, елімізде 5,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр. Егер жағдай ушығатын болса қатаң шектеулерге оралуымыз да мүмкін дейді министр.

Індет күшейіп жатқанымен елде қатаң карантиндік шектеулер енгізілмейді. Тек қазақстандықтарға вакцина алып, көпшілік жерде маска тағып жүруге кеңес беріліп отыр. Елорда жасыл аймақта тұрса да Үкімет отырысына келушілерге шектеулер енгізілді. Үкімет ғимаратында маска кию міндеттелді және журналистердің отырысқа қатысуына шектеулер қойылып, 10 БАҚ өкілдігі ғана кіретін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.