Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мамандық иесі атанып, жұмысқа орналасуға ешқашан да кеш емес

c 17:17, 23/08/2018 c 2172

0:00 / 0:00

Орал қаласында жұмыссыздықты жою мақсатында тегін оқу курстары жүргізіліп жатыр. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімімен есепші, іс қағаздарын жүргізуші, тігінші, массаж жасаушы, бала күтуші мамандықтары бойынша білім курстары қарастырылған. 1 айдан 3 айға дейінгі уақытта тегін өтетін курстарға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

БҚО-да биыл 1 жарым мың адамды сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту жоспарланып отыр. Мамандық таңдау мен оқу орталығын жұмыспен қамту орталығында таңдап, анықтап, жолдама беріледі. Жоба өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. 1 жарым айдай уақыт тігінші мамандығына оқығандар үйренгендері көп екенін айтады. Алған білімін пайдасына жаратып,өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік берген ұстаздарының шеберлігіне разы.

Бағдарлама аясында 2017 жылы 8 оқу орталығында 1157 адам 11 түрлі мамандық иесі атанған. Ең сұранысқа ие деген мамандықтар бойынша әр адамға бұл жоба өз кәсібін бастауға жол береді. Жұмыссыздық санын қысқартуға арналған курстар тегін жүргізіледі. Биыл оқу кустарынан 750 адам өтетін болса, қазірп 425-і сертификатқа қол жеткізіпті. Сабақтар аптасына 5 күн өтеді. Курсқа қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Бастысы олардың әрі қарай осы мамандық бойынша жұмысқа орналасуы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.