Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

КҮРЕСТЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

c 17:50, 27/12/2021 c 3544

0:00 / 0:00

Орал қаласында КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Сайлау Мұқашевты еске алуға арналған күрестен турнир өтті. Спорт додасына 500-ден астам палуан қатысты.

Облыс орталығында атақты палуан, бірнеше дүркін КСРО-ның чемпоны болған Сайлау Мұқашевты еске алуға арналған турнир өтті. Ел біріншілігіне Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік шаһарларынан келген жас балуандар қатысты. Орал қаласында өткен республикалық сайыс 500 астам спортшының басын қосты.

Ел біріншілігінде 2007-2011 жылдары дүниеге келген жас балуандар боз кілемде белдесті. Сала мамандары жыл санап осы спорт түріне қызыққан жастардың саны артып келе жатқанын айтады. Ал күрес спортын жанына серік қылған жас балуандар әр белдесу тартысты өтіп жатыр,- дейді.

3 күнге жалғасқан ел біріншілігінде жеңімпаз атанған жастар келесі жылы ұйымдастырылатын жарысқа жолдама алмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.