Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коммунистер атауын өзгертті

c 11:36, 12/11/2020 c 1179

0:00 / 0:00

Қазақстан коммунистік халық партиясы атауын өзгертіп, «Қазақстанның халық партиясы» аталатын болды. Мұндай шешім бүгін өткен партияның кезектен тыс XV съезінде қабылданды. Партия мүшелері бұл өзгеріс  коммунистік идеологиядан кету деген сөз емес, еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көп мән беруімен байланысты дейді. Алдағы Парламенттік сайлау қамына кіріскен саяси партиялар енді жарыса сьездерін өткізуді бастап жатыр.

Алдағы парламенттік сайлау қамына кіріскен саяси партиялар дауыс жинау үшін, халық қамын қамтыған бағдарламаларын ұсынуды бастайды. Кейбіреулері тіпті атауын өзгертіп, халыққа жақын екенін дәлелдеп тырысуда. Қызыл жалауын жалаулатып, коммунистік идеологияны насихаттап жүрген коммунистер бүгін партия атауын өзгертіп тастады. Енді олар «Қазақстанның халық партиясы» аталатын болды. Аты өзгергенімен, заты өзгерсе жақсы ғой. Қара халықтың мәселесін шешуде іс тындырамыз деген сенімде партия мүшелері.

Осылайша партияның XV съезінде атауы өзгеріп шыға келді. Бірақ бұл идеяны коммунистердің бәрі бірдей қолдап отырған жоқ. Нағыз коммунист Владислав Косарев партия атауын өзгертуге қарсылық білдірді. Алайда жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас дегендей,дауыс беру барысында  Косаревті қолдаушылар болмай шықты.

Владислав Косарев -  ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Иә, мен қарсымын. Мен ғана қарсы даусы бердім. Бұл меннің ұстанымым. Коммунистік идеология нағыз халықтық, ескі идеология. Бұл идеологияға 170 жыл толып отыр»

Дегенмен, әлеуметтік әділеттілік партияның басты ұстанымы болып қала бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.