Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпорын жетістігі

c 17:42, 03/12/2019 c 984

0:00 / 0:00

Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған «Орал трансформатор зауыты» өнімінің 90 пайызын экс­портқа шығарды. Өндіріс ошағының түтіні биыл да түзу «ұшуда». 2020 жыл­дың көктемінде зауыт тағы бір жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Одан басқа қазақстандық өнім ел нарығында да, батыс өңірінде де өтімді. Сон­дықтан компания алдымен батыс өңірдегі электр же­лілерін та­ратушы және мұнайгаз компа­нияларымен әріптестік бай­ланыс­тар орнатып отыр.Өнім өндіру осы мерзімде 100 па­йызға өсті. Жыл басындағы жағ­даймен салыстырғанда, жаз шы­ға кәсіпорын өніміне сұраныс көбейген. Ай сайын өнім сату бөлімі өңірлерден түскен сұраныстарды есепке алып, сол өңірлерге барып өнім өткізу жөнінде жұмыстана­ды. Ресейдің түкпір-түкпірінен бөлек, европа елдерінен де сұраныс артуда. Алдағы жылы қосымша панелді трансформатор зауыты іске қосылмақ. Құрылыс жұмыстарыныңм 60 пайызы аяқталған.Кәсіпорында бүгінде 250 адам еңбек етіп жатса, алдағы екі жылда олардың санын 1000-ға өсіру жоспарланып отыр. 2021 жылдан бастап жұмысшыларды баспанамен қамту ісі де қолға алынғалы отыр. Жұмысын бастаған 4 жыл ішінде зауытта 25 мың трансформатор жасалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.