Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин талабы күшейтілді

c 20:30, 27/03/2020 c 518

0:00 / 0:00

Қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатындағы карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының тұрғындарына бей-берекет үйден шығуға тиым салынды.Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президенті жанындағы мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді шығарды. Бұл жайында үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Төтенше жағдай мен екі үлкен шахарға енгізілген карантин талаптары күшейтілді. Премьер-министр Асқар Мамин бастаған мемлекеттік комиссияның шешімімен наурыздың 30-нан сәуірдің 5-не дейін елорда мен Алматыда барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыстары уақытша тоқтатылады. Бұл ел ішінде COVID-19 инфекциясының таралауын азайту мақсатында қабылданып отырған шара. Тек орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары  бекітілген режимде жұмысын жалғастыра береді.  Сондай-ақ, наурыз айының 28-нен бастап карантин жарияланған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында адамдардың бей-берекет жүруіне шектеу қойылады. Тек азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бара жатқандарға ғана рұқсат бар. Сондай-ақ, қала тұрғындарына адам көп жиналатын жерлерде, көшеде жүруге болмайды. Ал қоғамдық көлік қозғалысына да шектеу қойылмақ. Егер көшеде үш адамнан көп жиналса жауапқа тартылады. Кәмелет жасқа толмаған балаларға ата-анасысыз сыртта жүруге тиым салынды. Карантиннің қатаң талаптарына көнбегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Көшелерді полиция патрулі бақылауға алады. Мысалы, Үндістан елінде коронавируспен күрес талаптарын сақтамай жүрген азаматтарды полиция таяқпен қуып, үйлеріне қайтарып жатқан жайы бар. Қоғамдық көлікте жүрудің өзі қауіп төндіріп отыр. Бүгін мәлім болғандай, елордада №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталды.

Бекмырза Игенбердинов – City transportation systems басқармасының төрағасы; «№1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталды. Қызметкерлер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін  автопарк карантинге жабылды. Автопарк пен автобустарға дезинфекция жасалды. Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандардың бір бөлігі стационарға жатқызылса, қалғандары үй карантинінде. Бүгіннен бастап елордада жолаушыларға автобустың алдыңғы есігі арқылы кіруге тыйым салынды. Жүргізушілер отыратын жер арнайы лентамен қоршалды. Қолма-қол ақша төлеуге болмайды. Тек картамен немес смс төлемдер ғана қабылданады»

Сондай-ақ, наурыздың 28-нен бастап елорда маңындағы бірқатар ауылдарға қатынайтын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Ал елімізге шетелден оралып жатқан туристер де коронавирустың таралуына себепші болып отыр. Себебі олар, жол бойында ұшақта жұқтырып алып жатыр. Сыртқы істер министрлігі жыл басынан бері шетелге саяхатқа шықпауға ескерту жасалғанымен, қазақстандықтар арзан жолдамаға қызығып шығып кеткен деп отыр.Министрліктің хабарлауынша, әлі де көптеген қазақстандық шетелдерде қалып қойған. Көбісі өз еркімен Еуропа мен АҚШ-та қалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.