Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ҚАЛА

c 08:56, 26/11/2021 c 1100

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қаласы бүгін қар құрсауында қалды. Толассыз жауған қардан жолдарда көліктер кептеліп, 10-ға жуық әуе рейсі кешігіп ұшты. Синоптиктер бүгін бір айда жауатын қар түсті деп отыр. Ал қаланың жол тазалаушы қызметі өз жұмысын атқарып үлгермей жатыр. Ауа-райының қолайсыздығынан 7 сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына сабақ қашықтан өтті. Қала көшелерінде көлік түгілі, жаяу жүргіншілердің өзі қалың қардан әбден әлекке түсті.

Бүгін ел астанасы ақ ұлпа қарға көмкерілді. Қыс жылы түскенімен, қар толассыз жауып жатыр. Түннен бері жауған қар бір күнде бір айдың нормасын орындап тастады дейді синоптиктер. Жауған қардың биіктігі 28 см құрайды. Қалың қардан көлік қозғалысы қиындап, қоғамдық көліктер кептеліп қалды. Жұмысқа ассыққан елордалықтар үшін таксидің де бағасы 3-4 есеге шарықтап шыға келді. Мектептерде екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқып жатыр. Таңнан бері қалада 45 жол-көлік апаты орын алды. Ауа-райының қолайсыздығынан әуе рейстері де кешікті. Түнде ұшып-қону жолағын қардан тазалау үшін әуежайды жабуға тура келген. Ұшақтарды дер кезінде қабылдап, ұшырып үлгермей жатырмыз дейді мамандар.

Тоқтаусыз жауып жатқан қалың қардан жолдарда кептеліс пайда болып, жұрт діттеген жеріне жете алмай әлек. Қала әкімдігі болса көшелерді, көлік жолдарын қардан тазалау жұмыстарына 2 мыңға тарта адам жұмылдырылды деп хабарлап отыр. Қазір қаладағы коммуналдық кәсіпорындар тоқтаусыз жұмыс істеуде дейді. Дегенмен, қар тазалаушылар үлгермей жатыр.

Ауа-райын болжаушылар Нұр-Сұлтанда қар әлі жауады, боран соғып, көктайғақ болады деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.