Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Індеттің өсімі тоқтады

c 22:59, 10/08/2020 c 406

0:00 / 0:00

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтағанын хабарлап отыр. Онлайн брифингке шыққан министрліктің ресми өкілі бағдат Қожахметов елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады.  Статистикаға үңілсек, Соңғы тәуліктің елде  қауіпті індет-коронавирусты 741 адам жұқтырды. Өкінішке орай жиырма үш науқас қайтыс болды. Жалпы, осы уақытқа дейін 99 442 қазақстандық коронавирусқа шалдыққан. 1 269 науқас көз жұмды. Бүгініг күні 25 650 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 105 бала. Ал 10 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық пневмонияға шалдыққан 13 280 адам тіркелген. 9 күннің ішінде 164 науқас көз жұмды. Ал соңғы бір тәуліктің ішінде 159 пациент анықталып, 12 пациент қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі енді әр дүйсенбі сайын онлайн брифингке шығып, еледгі ахуалды баяндап тұратын боламын дейді. Осыған қарағанда министр Алексей Цойды көру қиынға түсетін сияқты. Ресми өкілдің  жағымды жаңалығы да жоқ емес. Бағдат Қожахметов елде қауіпті індетті жұқтыру өсімі тоқтады деп отыр.

Бағдат Қожахметов –ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі "Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетті толықтай орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десе болады"

Ресми өкілдің айтуынша, елде  коронавируспен ауырып жатқан балалар саны – 114 жетті. Оның ішінде үш балада Кавасаки синдромы анықталған.

Бағдат Қожахметов –ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі «Жыл басынан бері бұл індетпен Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында үш жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтандағы баланың жағдайы тұрақты, бірақ бұл өте күрделі синдром және бұған ерекше назар аудару қажет. Бұл сирек кездесетін ауру»

Сондай-ақ, министрлік өкілі алдағы күзде қауіпті індеттің жаңа толқыны болу мүмкін дейді. Әдттегідей бұған да толық дайынбыз деген  сенім бар. Оны уақыт көрсетер.

Бағдат Қожахметов –ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі «Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазір қолымызда жан-жақты сараланған мәліметтер бар. Бұл бізге болашаққа жоспар құрып, алдын ала дайындалуда мүмкіндік береді. Яғни, індеттің күзде күтілетін жаңа толқынына қарсы тұру үшін материалды әрі адами ресурстарды толығымен дайындауға жағдай жасалды».

Соңғы тәуліктің елде  коронавирусты 741 адам жұқтырды. Өкінішке орай жиырма үш науқас қайтыс болды. Ал өкпенің қабынуын бөлек көрсетіп отрыған министрлік, 10 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық пневмонияға шалдыққан 13 280 адам тіркелгенін хабарлайды.Соңғы  9 күннің ішінде 164 науқас көз жұмды. Соңғы тәулік ішінде 159 адам анықталып, 12 науқас көз жұмды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.