Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Індетке тойтарыс бере алмағандар тергеледі

c 20:52, 09/07/2020 c 609

0:00 / 0:00

Елдегі эпидемилогиялық ахуалдың ушығуына кінәлілер жауапқа тартылады. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады. Тоқаев өз үндеуінде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен  әкімдердің жұмысын сынады. Мемлекет басшысы еліміздің денсаулық сақтау жүйесі қауіпті індетке тойтарыс беруге дайын болмағанын, бұл іс бойынша терегу жүргізілетінін айтты. Ал елімізде аты жаман індеттен қайтыс болғандар саны 264-ке жетті. Тоқаев коронавирустың құрбаны болған марқұмдарды еске алып, 13 шілдені елде Аза тұту күні деп жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті індеттің жаппай таралуынан еліміздің сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіп жатқанын айтты. Ал бүгінгі эпидемиолгиялық ажғдайдың ушығуына жол бергендер жауапқа тартылады. Елдегі ахуалға қатысты Президенттің үндеуінен кейін, коронавирусқа тойтарыс бере алмаған денсаулық сақтау саласында және өңірлердің нәтижесіз жұмысы бойынша тергеу жүргізілетін болды. Тоқаев экс-министрі Елжан Біртановтің атқарған жұмысын сынға алды. Президент денсаулық сақтау жүйесі қауіпті індетпен күресте әлсіздік танытқанын ашық айтуға мәжбүр болды.

Министр Алексей Цой екі қолын сыбана кірісіп жатқан денсаулық сақтау саласы елдегі індетпен күреске оң нәтиже бере ала ма, оны көре жатармыз. Президент бүгінде мемлекет тарапынан барлық шараның қабылданып жатқанын айтты. Жақын күндері дәрі-дәрмек тапшылығы да жойылады деді. Ол үшін тиісті шаралар қабылданып жатқан көрінеді. Аты жаман індетті жұқтырғандардың жалпы саны 50 мыңға жуықтайды. Өкінішке орай коронавирус құрбаны болғандар саны 264 адамды құрады. Ел Президенті індеттен қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, 13 шілдені жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстанда Аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.