Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Фонограммаға тиым

c 19:27, 16/09/2020 c 565

0:00 / 0:00

Қазақстанда фонограммаға тиым салу мәселесі қарастырылуда.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова біртіндеп фонограммаға тиым салу керектігін айтты. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Мәдениет»  туралы заң жобасы қаралды. Депутаттар қазақстандық әншілердің фонограмманы жаппай қолданатынын айтып, сынады. Аталамыш заң жобасына сәйкес, әншілер концертін өткізер алдында  фонограммаларды қолдануы туралы көрерменді хабарландыратын болады.  Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді. Мәдениет саласын реттеуге арналған заң жобасы мәжіліспен мақұлданып, сенаттың қарауына жолданды.

Өнер - мінсең ат, ұшсаң - қанат, кисең - жанат, ішсең – тамақ демекші. Қазақстандық әншілер сахнада өнер көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп, табысын да тауып жүр. Алайда, өнер адамдарының бәрі бірдей сахна төрінде жанды дауыста ән орындайды деп айта алмайсың.  Нағыз өнер адамы жанды дауыста ән орындағаны жөн. Сондықтан жасанды дауыспен ән айтып, халықтың қалтасын қағудың қажеті жоқ.Мәжіліс депутаттарын мазалаған мәселе осы болды. Жалпы отырыста қызу талқыланған Мәдениет туралы заң жобасына сәйкес, енді фонограммамен ән айтқыш әншілерге талап күшейтіледі. Депутаттар әншілер концертін өткізер алдында  фонограммаларды қолдануы туралы көрерменді хабарландыруы тиіс деді.  Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді. Әріптестерінің бұл бастамасын палата төрағасы Нұрлан Нығматулин де қолдап отыр. Спикер жанды дауыста ән орындай алмайтын әншінің концертіне билет құны да арзан болуы тиіс деді.

Өз кезегінде мәдениет министрі Райымқұлова біртіндеп, фонограммамен ән айтуға тиым саламыз деді.

Ақтоты Райымқұлова – ҚР МСМ "Мен өзім біртіндеп фонограммаға тыйым салуды қолдаймын. Бірақ оған біз де, қоғам да дайын болуы керек".

Министрдің айтуынша, әншілер бұл талапты орындамаса, заң алдында жауап береді. Сондай-ақ, қазақстандық өнер жұлдыздарының саханадағы тәртібі де заңмен реттелетін болды. Егер концерт кезінде әншілер тарапынан әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнаға ұқыпсыз күйде шығу, жоспарланған концерттік бағдарламаны орындамау және әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау жағдайлары орын алса, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Өкінішке орай, кейбір өнер адамдарының сахнадағы ерсі қылығына куә болып жүрміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.