Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАНК АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗ ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?

c 09:38, 29/06/2022 c 809

0:00 / 0:00

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тез арада жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. Егер мұндай заң қабылданса несиеге байланып, оны өтей алмай жатқандардың банк алдындағы қарызы өтеліп, елдегі әлеуметтік жағдай түзеледі.

Үкімет Президенттің тапсырмасына сәйкес, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң әзірлеуде құжатты «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасы деп ұсынып отыр. Алайда, Қазақстан халық партиясы жобаның атауының өзі банк алдындағы қарызын өтей алмай отырғандарға қарсы дейді. Бүгінде азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы нашар. Жұмыссыз қалғандар, еңбекке қабілеттілігінен айырылғандар, экономикалық құлдырау аясында әл-ауқаты төменегендер, пандемия және карантиндік шаралардан табысын жоғатқандар банк алдындағы өарызын өтей алмай жатыр. Несие бюросының ақпаратына сәйкес, бүгінде 1 млн-нан астам азамат коммуналдық және салықтық төлемдер бойынша, несиелерді өтеу мерзімдерін бұзуға жол берген.Алайда, бұл заң жобасын үкімет пен парламент қабылдауға асықпай отыр.

РАХЫМ ОШАҚБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қазір бізде бір заңмен халықтың әл-ауқатын максимальды түрде көтеруге мүмкіндік бар. 1 млн 300 мың қарызгер банкроттыққа ілігеді. Заң 1 миллион адамның жағдайы жақсартады. Неге Үкімет осыны біле тұра бұл зағды қабылдауға асықпай отыр. Неге Мәжіліс құжатыт келесіс сессияға қалдырды?»

Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың сәуіріндегі көрсеткіште қазақстандықтарға 11,3 трлн теңге несие берілген. Экономистердің бағалауынша, кредиттік қарыз проблемасына тап болғандардың басым бөлігі- өмірде қиын жағдайға тап болғандар.

ЕРМҰХАМЕТ ЕРТІСБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Үкімет те, жергілікті жердегі билікте ескіні өзгерткісі келмейді.Олар жаңа Қазақстанды жасауға құлықсыз. Бұлай соза берсек, оқиға қаталануы мүмкін. Миллиондаған адам қарызға батып отырғанда, халыққа қажетті заң кешігіп жатыр»

Қаржы министрлігі қарыздың сомасы мен ұзақтығына байланысты рәсімдердің бірнеше түрін ұсынып отыр. Қарызгердің тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды төлеуге 5 жылға дейін бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігі берілмек. Банкроттықтан кейін азаматтарға 5 жыл бойы қарыздар, несиелер алуға шектеу қойылады. Сонымен қатар банкроттыққа іліккен қарызгерлер емделуді, жақын туыстарын емдеуге ертіп жүруді немесе жерлеуге баруды қоспағанда, 3 жыл ішінде шетелге шыға алмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.