Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Авиацияға төнген қауіп

c 19:45, 22/04/2021 c 577

0:00 / 0:00

Сенатор Талғат Мұсабаев авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тергеу бойынша функцияларды төтенше жағдай министрлігінің құзыретіне беруді талап етті. Депутат

Үкімет басшысына  жолдаған сауалында азаматтық авиация және ұшуды ұйымдастыру саласындағы қауіпсіздік мәселелерін көтерді. Оның айтуынша, мемлекеттік функциялар іс жүзінде ішкі құжаттар негізінде шетелдік азамат басқаратын "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ коммерциялық компаниясына берілген. Осы ұйымдағы бақылау, қадағалау қызметтерін мемлекетке қайтрау керек.

Сенатор Талғат Мұсабаев азаматтық авиация және ұшуды ұйымдастыру саласындағы қауіпсіздік мәселелерін қозғады. Бүгінде  азаматтық авиацияда сертификаттау, қадағалау және бақылау шетелдік азамат басқаратын «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ коммерциялық компаниясының құзырында. Алайда, бұл қызмет түрлері мемлекеттің бақылауында болуы керек дейді депутат. Мұсабаев индустрия министрлігіне қарасты азаматтық авиация аталған саладан өзін-өзі осылай шеттетіп отыр дейді. Олай болса мұндай мемлекеттік органның қажеті жоқ екенін айтады ол. Ғарышкер үкіметтен бұл мәселені қайта қарастырып,  авиациядағы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды Азаматтық авиация комитетіне қайтаруды талап етті.

Талғат Мұсабаев – ҚР парламент сенатының депутаты«Мемлекеттік фнукциялар коммерциялық ұйымға берілген. Осылайша авициалық комитет өзіне жүктелген міндеттен өзін-өзі шеттетінп отрыған жағдай туныдап отыр. Мысалға алсақ, Британдық авиация толық мемлекеттің құзырында»

Ал коммерциялық ұйымға  тек сертификаттау жөніндегі функцияларды қалдыруды ұсынды. Авиациялық және азаматтық авиациядағы оқиғаларды тергеуді Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді қарастыру қажет деді.

Талғат Мұсабаев – ҚР парламент сенатының депутаты "Ал "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі"АҚ құрылғандықтан, оған тек сертификаттау жөніндегі функцияларды қалдыру керек немесе оған коммерция субъектісі емес, барлық туындайтын заңнамалық салдары мен жауапкершілігі бар мемлекеттік орган мәртебесін беріп, мемлекеттік функцияларды орындауды жүктеу қажет. Әйтпесе біз зардабы ауыр кезекті авиациялық оқиғалар мен жағдайлардың куәсі болуымыз мүмкін "

Қазақстанда соңғы рет  95 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырағаны есімізде. Екі жыл бұрын орын алған қайғылы оқиғада 12 адам қаза тапқанды. Ұшақ биіктікті жоғалтып, бетоннан құйылған қоршауға соғылғанды. Бұл ел ішіндегі әуеқатынасы  еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.