Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Астанада жыл соңына дейін ерекше аялдамалар пайда болады

c 11:04, 04/10/2018 c 706
Бас фото: astana.gov

Жыл соңына дейін театр және музыка павильоны пайда болады. Аялдаманы салатын барлық материалдар Астананың климаттық жағдайына лайықталған, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты. Сарыарқа ауданы әкімдігі ерекше автобус аялдамаларының жаңа жобасын әзірлеп шықты.

2018 жылдың соңына дейін астана тұрғындары мен қонақтарын тағы да екі жаңа ерекше формадағы аялдамалар қуантпақ. Мәселен, "Театр" аялдамасы сахна фрагменттеріне ұқсас және "Жастар" театрының аумағына қойылады. Ал Жеңіс даңғылында "Музыка" павильоны орналастырылатын болады. Екі жоба да қазір дайындық кезеңінде.

"Мұндай креативті аяладамалар қоғамдық көлікті күтіп тұрған уақытыңызды әдемі өткізуге әрі көңіл-күйіңізді көтеріп, еріксіз жымиюыңызға әсерін тигізеді", - дейді Сарыарқа ауданы әкімдігі.

Бүгінде Сарыарқа ауданында 3 ерекше аялдама орнатылған.

Дереккөз: https://bnews.kz/kz/news/astanada_zhil_sonina_deiin_erekshe_ayaldamalar_paida_boladi

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.