Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әскерге дайынсыз ба?

c 00:13, 04/04/2020 c 675

0:00 / 0:00

Қазақстандықтарды әскер қатарына шақырып жатыр. Бұл Төтенше жағдайға байланысты  енгізіліп отырған шара. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, әкімдер әскери қызметке міндетті адамдарды арнайы жиындарға шақыра алады. Жергілікті билік адам санын өзі анықтайды.  Әскерге шақырылғандар аты жаман індетке  қарсы шараларға тартылды. Бұл жайында бүгін өткен онлайн брифингте қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады.

Төтенше жағдай барысында әскер қатарына шақыруға тура келіп отыр. Себебі,  COVID-19 таралуына байланысты әскери күштердің көмегі қажет. Министрдің айтуынша, әскери жиындардың негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын қорғау.

Президенттің жарлығына сәйкес, Заң бойынша әскери жиындар үш айға дейін созылады. Алайда нақты мерзімін әкімдер  өздері белгілейді. Олар өз бұйрығымен әскери жиындарды ұйымдастырып, барлық шаралардың   атқарылуына қарай уақытынан бұрын аяқтай алады. Бір аймақта 10 күн өткізе алады, басқалары одан да көп уақыт болады. Ал кейбір облыстарға  бұл  қажет болмауы да мүмкін.  Әскер қатарына шақырылатын ішінде жастарға басымдық берілмек. Министрдің сөзіне сенсек, елдегі вируспен күреске қатысты жағдайда жастар тарапынан әскерге баруға ниет білдіріп жатқандар көп екен. Әскерге арнайы жиынау барысында шақырылғандар әскери қызметкердің мәртебесіне ие болады. Оларға барлық әлеуметтік жеңілдік таралады. Соның ішінде тамақ, киім-кешек пен медициналық қызмет бар.Сондай-ақ әскер қатарына шақырылғандардың жұмыс орны мен лауазымы, жалақысы сақталады.

Нұрлан Ермекбаев – ҚР қорғаныс министрі; «Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады. Мәселен, әскерге шақырылғанға дейін жалақының көлемі 200 000 мың теңге болса, арнайы жиындарда өткізген әрбір айы үшін тура сондай ақша төленеді. Егер адам жұмыс істемесе, онда жалақының төменгі мөлшері – 42 500 теңгені алады"

Төтенше жағдай барысында аранйы жиынға  әскери қызметке тіркеуде тұрған және денсаулығы дұрыс азаматтар шақырылады. Ал қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарда істейтіндер, авиация қызметкерлері, егістік жұмыстарына қатысатындар, педагогтар, күндізгі бөлімде оқитындар, әйелдер, 18 жасқа дейін үш және одан көп баласы бар азаматтар, сондай-ақ, тергеуге ілінген адамдар мен депутаттар әскерге шақырылмайды. Арнайы жиынға шақырылғандар негізінен қауіпті індетпен күреске қатысатын болады.

Нұрлан Ермекбаев –ҚР қорғаныс министрі; «Әскери міндетін атқарушылар басқа аймақтарға жіберілмейді. Аймақтық әскери бөлімше өз бетінше немесе ішкі істер органдарымен бірлесіп бекеттерде, патрульде қызмет атқарады.Дезинфекция жасайды,күзетті күшейту қызметіне, су тасқынына қарсы шараларға да қатысады».

Үш айға созылатын әскери қызмет барысында  арнайы жиындарға шақырылғандар  тұрғылықты жері бойынша жұмыс істейді. Әскери казармада жатпайды. Күндіз әскери қызметін атқарса, кешке қарай үйіне барады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.