Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ана өлімі артып отыр

c 20:19, 06/11/2020 c 516

0:00 / 0:00

Қазақстанда ана өлімі артып отыр. Өткен жылы 8 айдың ішінде 36 әйел қайтыс болса, биыл қаңтар-тамыз айында осы көрсеткіш 131-ге дейін өсті. Өкінішке орай бұл көрсеткіште Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Өңір басшысы елордада өткен брифингте ковидпен ауырған әйелдер арасында ана өлімі артқанын мәлімдеді. Әкім Оңдасын Оразалин ана өліміне кінәлілер анықталып, жауапқа тартылды деді.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде  ана өлімі көрсеткіші бірнеше есеге көбейіп кеткенін мәлімдеген болатын.  Осыған орай тексеріс жүргізуді тапсырғанды. Өткен жылы республикада 36 әйел қайтыс болса, биыл бұл көрсеткіш 131-ге дейін өсті. Соның ішінде Ақтөбе облысында көрсеткіш тым жоғары.  Облыста биыл 14 ана өлімі тіркелген. Оның басым бөлігі ковидпен ауырғандар. Өңір әкімі президенттің тапсырмасынан  кейін  кінәлілерді анықтадық деп отыр.

Сондай-ақ, ана өлімі Қызылорда облысында  9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Ақтөбе облысының әкімі елде қайта өршіп жатқан қауіпті індеттің екінші толқынына толық дайынбыз деген сенімде. Ақтөбе өңірі шекараға жақын орналасқандықтан, вирустың көрші елдерден де келу қаупі  жоқ емес. Себебі, тарнзиттік көліктер көп жүреді. Еске сала кетейік, Ақтөбе облысы жаз айларында аты жаман аурудың таралуына дайын болмай шығып, әкім Оразалин  Президенттен сөгіс алған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.