Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкімді халық сайлауы керек

c 21:03, 11/09/2020 c 365

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарға сапарында ауыл әкімдерінің статусын көтеру, жергілікті бюджетті қолдау, ауыл әкімдерін сайлау халықтың мұң-мұқтажын шешуге себеп болады деді. Бұл мәселе Президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылғанды. Тоқаев жергілікті жердің шешілмей жатқан мәселесін халық президентке шағымданып шешуге міндетті емес. Ол үшін әкімдер бар деді. Президенттің Солтүстік аймаққа іс сапары жайында толығырақ тілші баяндайды.

Президент солтүстік аймаққа сапар шекті. Бірқатар ауылды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, ауыл әкімдерінің жұмысын көрді. Мемлекет басшысына енді ғана бой көтерген үйлер, жолы салынған, су тартылған елдімекендер таныстырылды. Көрікті ауылдарды көрген Президент, дегенмен ауылда шешілмей жатқан мәселе көп екенін айтты. Әкімдердің ең басты міндеті халықты жұмыспен қамту деді. Солтүстік Қазақстан облысының  Уалиханов ауданының ауылдық округінің әкімі Англияда «Болашақ» бағдарламасымен білім алып, ауылға қызмет етуге бел буыпты. шум

Ал ауыл халқының мұң-мұқтажын еститін басшы болуы үшін,әкімді халық сайлауы керек деді Президент. Әкімдер сайлауының ауылы алыс емес.

Сондай-ақ, Тоқаев астықты өлке Солтүтстік Қазақстан облысының  егіс алқабына да барды.Президент диқандармен әңгіме барысында солтсүтік өңір еліміздің маңызды астық алқабы, бұл жерде нарықта сұранысқа ие таза,табиғи өнім өндірілетінін айтты.

Президен агроөнеркәсіп кешенінің ел экономикасы үшін маңыздылығын айта келе, бұл салаға жыл басынан бері 61 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты. Солтүстік Қазақстан минералды тыңайтқыштарды пайдалануда ел бойынша алдыңғы орында. Аймақ әкімі Құмар Ақсақалов облыс биыл 2,3 млн гектар аумаққа 130 мың тонна тыңайтқыш пайдалануды  жоспарлағанын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.