0:00 / 0:00
Ем іздеп шетел асудың қажеті жоқ. Бүгінде Орал қаласына медициналық көмек алу үшін Германия, Ресей, Үндістан және өзге елдерден пациенттер келіп жатыр. Жуырда Беларусьтен арнайы келген науқасқа мұнда күрделі операция жасалды. Дәрігерлер заманауи әдісті қолдану арқылы жатырды сақтап қалуға мүмкіндік берген. Толығырақ тілші Альбина Сейдоллақызының материалында.










