0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында балық аулау ережесін бұзғандар жауапқа тартылды. Жыл басынан бері инспекторлар 200-ден астам рейд жүргізіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 325 дерегін анықтаған. Ал заңсыз аулаудан 228 мыңға жуық балық шабағы құтқарылды. Ақжайық балық инспекциясы бөлімінің мемлекеттік инспекторлары тамыз-қазан айлары аралығында балық қорын қорғау бағытында бірқатар шара өткізген. Нәтижесінде 325 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, оның 13-і соттың қарауына жолданған. Заң бұзғандарға жалпы сомасы 7 миллион 330 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Оның 5 миллион 825 мың теңгеден астамы өндірілген. Қалған берешек мәжбүрлі түрде өндіріліп жатыр.







