0:00 / 0:00
Бөрлі ауданында құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Ақсай қаласында аудандық прокуратураның жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған нысан қызметкерлердің жұмысын оңтайландырып, тұрғындармен байланысты жақсартуға мүмкіндік бермек.







