Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құжатсыз 1,6 млрд теңгені жұмсамақ болған шенеунік жазаланды

c 14:33, 23/11 c 1

0:00 / 0:00

Ақмола облысында құны 1,6 миллиард теңге болатын жол жөндеу жұмыстарына арналған мемлекеттік сатып алу тоқтатылды. Прокуратура тексерісі кезінде тендерді қажетті құжаттарсыз өткізу жоспарланғаны анықталған. Мәліметке сәйкес, Ақмола облысының Астрахан ауданында жол жөндеуге арналған сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз және тиісті экономикалық негіздемесіз жариялау көзделген. Прокуратураның араласуынан кейін тендер күшін жойды. Ал заңбұзушылықтарға жол берген аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.