0:00 / 0:00
"Ақжайық" деп аталатын қала іргесіндегі шағын ауданның тұрғындары арнамызға хабарласып көмек сұрады. Айтуларынша жаңадан бой көтерген аудандағы үй құрылысының сапасы нашар. Күз, қыс, көктем мезгілінде пәтер салқын. Жаңбырлы күндері есік, терезеден аққан су ішке құйылады екен. Мәселесін айтып барар жер, басар тауы қалмаған тұрғындардың жағдайын әріптесім Айдос Мәлікұлы көріп келді.










