Отандық дінтанушылар бас қосқан бұл жиында қазіргі дінтану ғылымының өзекті мәселелері көтеріліп, діндер тарихын оқыту әдістемесіне ерекше көңіл бөлінді. Мамандардың пікірінше, радикализмге қарсы күресте терең білім мен ғылыми зерттеу басты құрал болуы тиіс. Дөңгелек үстелде сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев басқосудың айрықша мәні бар екенін атап өтті.
Жиынға еліміздің іргелі жоғары оқу орындарынан келген дінтанушы ғалымдар мен теолог мамандар қатысты. Олардың қатарында - Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқан мырза болды.Оның пікірінше, дін мен саясат өте өзекті тақырып.
Дөңгелек үстел аясында дін саласына қатысты заманауи зерттеулер талқыланып, білім беру жүйесіне енгізілетін нақты ұсыныстар айтылды. Себебі мұндай кездесулер жас мамандарға бағыт бағдар беріп қана қоймай, діни ахуалды талдай алатын білікті кадрларды анықтаудың тағы бір жолы.