«Көрінбейтін әлем» жобасы - өнерді сезіну мен есту арқылы қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа таным кеңістігін қалыптастырады. Экспозицияда танымал авторлардың бедерлі фотосуреттерін аудио арқылы мазмұнын түсінуге мүмкіндік жасалған. Брайль қарпінде жазылған мәтіндер ұғыннықты. Бұл - көру қабілеті шектеулі жандардың бейнені түсінуне жол ашады. Бүгінгі көрмеде 12 автордың жұмыстары қойылған, олардың бірі - қазақстандық фотограф Салторе Сапарбаев. Оның "қар барысы" туындысы келушілердің көңілінен шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 2,2 миллиардтан астам адам көз жанарынан айрылған. Олардың басым бөлігі үшін визуалды өнер - қолжетімсіз. Қазақстанда осындай тағдырлы 160 мыңға жуық тұлға бар. Көрменің мақсаты осы жандардың өнерге қолжетімділікті қамтамасыз етіп, бұл кедергілерді жою. Көрме Орал қаласының тұрғындары мен қонақтарына 31 мамырға дейін ашық.