Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Рекламный отдел: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Новости

13:30

Новости

18:30

Новости

21:00

Новости

Алғыс айту күніндегі қайырымды іс

c 16:08, 03/03/2023 c 232

0:00 / 0:00

Дәстүрлі «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы биыл да жалғасын тапты. Бұл жолы ассамблея мүшелері мен жомарт жандар Алғыс айту күнінде өңірдің мұқтаж отбасыларына қолдау көрсетуге ниет білдіріп отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Қайырымдылық керуеніне" этномәдени бірлестіктер мен кәсіпкерлер демеушілік жасаған. Мәселен, өткен жылы өңірдің кеңжүректі азаматтарының қатысуымен 300 млн теңгеге көмек көрсетілген-ді. Ал жыл басынан мұқтаж отбасыларды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себетімен қамтамасыз етуге 9 млн теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. «Қайырымдылық керуені» шаһар көлемінде ғана емес, Дариян, Пойма, Мичурино ауылдарындағы отбасыларды да қуантпақ.

Алғыс айту күні ұлттық би мен әннен шашу шашылып, өзге ұлт өкілдері халық әндерін әуелете шырқады.

Все материалы размещенные на сайте tdk42.kz защищены авторским правом и являются собственностью телеканала ТДК-42. Любое копирование возможно с согласия редакции телеканала или с обязательным указанием гиперссылки на источник материала tdk42.kz