Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙТІН ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

c 00:16, 12/04 c 117

0:00 / 0:00

Қоғам күтіп отырған зорлық-зомбылыққа жол бермейтін, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтитын заң жобасы депутаттардың бастамасымен қолға алынғанды. Мәжілісте қабылданып, сенатқа жеткен құжат бір айдан соң мақұлданды. Мұндағы басты өзгерістер өз – өзіне қол жұмсағаны, өзін-өзі өлтіруге итермелегені немесе өз-өзіне қол жұмсауға ықпал еткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Кәмелетке толмағанға қатысты – 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.Суицидті насихаттағандарға 200 АЕК дейін айыппұл салынады. Егер өзіне-өзі қол жұмсауға итермелесе, 1 жылға дейін бас бостандығынан айырады, шектейді. Ал бұған дейін қоғамда аталған заң жобасында балаларды ата-анасынан күштеп тартып алу нормасы қарастырылған деген пікірлер айтылғанды. Жобаны әзірлеген депутаттар бұны жоққа шығарды.

Сондай-ақ, балаларды көліктен мәжбүрлеп түсіріп кеткені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырған. Осы құжат аясында Қылмыстық кодекске бірқатар түзетулер енгізіледі. Жас баланы өлтіргені үшін, жас балаға қатысты зорлау әрекеттерін жасағаны үшін және жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр. Педофильдер өмір бойға сотталады. Өкінішке орай елімізде күн сайын үш бала зорлық-зомбылыққа тап болып жатады.

Өмірде қиын жағдайға ұшыраған отбасыларды қолдауға арналған ережелер де көзделген. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін бас бостандығын шектеу түріндегі балама жаза алынып тасталады, оның орнына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленіп отыр. Дәл қазір қазақстандықтар әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын бақылап отыр. қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жаза қатаң болуы керек деген пікір бар.

Сенат депутаттары заң жобасын екі оқылымда қарап, талқылап, мақұлдады. Құжат Президеттің қол қоюына жіберіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.