Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЫЛУ МЕН ЫСТЫҚ СУ ТАРИФІ ӨСЕДІ

c 16:41, 31/03/2023 c 120

0:00 / 0:00

«Жайықжылуқуат» АҚ-ның мәліметінше, жылу мен ыстық су тарифі 2015 жылдан бері өзгермеген. Осы уақыт ішінде жұмысқа қажетті материалдар қымбаттап, қызметкерлердің жалақысын көтеру қажеттілігі туындады. Есептеулерден кейін коммуналдық сала қызметкерлері тарифті 38 пайызға дейін көтеруді көздеп отыр.

СНХ: БЕКБОЛАТ ҚАМЕШОВ

«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі таңда тарифті көтеруге өтініш беріліп, қоғамдық тыңдаудың сүзгісінен өтті. Табиғи монополиялар комитетінің департаменті жолданған өтінішті бір ай ішінде қарайды. Есепке алу құрылғысы жоқ жылудың тарифі 1 шаршы метр үшін 120 теңгені, ыстық судың 1 текше метрі 205 теңгені құрайды. Жалпы, жылыту маусымында апатты жағдай тіркелмеген. Ағымдағы жылы шамамен 270 млн теңгеге жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жоспарға алыныпты.

СНХ: БЕКБОЛАТ ҚАМЕШОВ

«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жылу мен ыстық су тарифінің қанша пайызға көтерілетіні 26 сәуірде белгілі болады. Мамандардың айтуынша, тәуліктік ауа температурасы 3 күн бойы 8 градустан түспей сақталған жағдайда тұрғын үйлерді жылумен қамту тоқтатылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.