Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүрек-қан тамырлар ауруына шалдыққандар көбейген

c 16:46, 14/11/2018 c 902

0:00 / 0:00

Жүрек-қан тамырлары аурулары адам өліміне алып келетін кеселдердің тізімінде алғашқылардың бірі болып тұрғаны ақиқат. Дәрігерлердің айтуынша бүгінде еміне дауа іздегендер қатары өте көп.

Эльмира Сүйеуғазиева, Облыстық кардиологиялық орталық директорының орынбасары: - Науқастар өте көп. Мәселен, 140 орындық ауруханада бүгінде 170 науқас жатыр. Қосымша ғимараттың қажет екенін басшылық тарап та біледі. Мәселенің жуық арада шешілері сөзсіз.  10 айдағы көрсеткіш бойынша дертке шалдыққандар қатары 6,3 пайызға көбейіп отыр.

Статистика бойынша жүрек қан тамырлар  ауруына шалдыққандар қатары артқанмен аталмыш дерттен өмірмен қоштасқандар саны 7,1 пайызға  азайған. Мұны дәрігерлер дертті ерте анықтаудың нәтижесі дейді. Осы орайда айта кететін тағы бір жәйт, жұдырықтай жүрек мәселесіне шалдыққандар  қатары уақыт өткен сайын жасарып  икеле жатқан көрінеді. Сала мамандары мұны денсаулыққа немқұрайлы қарап салауатты өмір салтын сақтамаудан дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.