Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмыссыздар көбеюде

c 10:07, 12/12/2019 c 1038

0:00 / 0:00

Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ел ішіндегі жасырын жұмыссыздықты есептемегенде, жұмыссыз азаматтардың саны 440 мың адамнан асқан. Ал өз кезегінде өткен  жылы Қазақстанға Өзбекстан мен Тәжікстаннан ғана, 551 мың еңбек мигранты келсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 600 мыңнан асты.  «Ақ жол» партиясы қазақстандық еңбек күшін  мигранттармен алмастырып жатыр деп алаңдайды. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Берік Дүйсенбинов бастаған ақжолдықтар премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдап, қазақстандық азаматтарды еңбек нарығына көбірек тартуды сұрады.

Жұмыссыздықты азайтуға, халықты жұмыспен қамтуға арналған үкіметтің бағдарламасы жұмыс істемей отыр. Себебі, статистика басқаша сөйлейді. Елімізге рұқсатсыз келіп жатқан  шетелдік азаматтардың шынайы саны  ашық айтылмайды. Тек ағымдағы жылы елімізге 600 мың еңбек мигранты келген.

Берік Дүйсенбинов - Қр парламент мәжілісінің депутаты; «Көші-қон комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылы Қазақстанға Өзбекстан мен Тәжікстаннан ғана, 551 мың еңбек мигранттары келсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 600 мыңнан асады деп болжанып отыр».

Бірақ, бұл  мигранттардың саны Еңбек министрлігінің шетелдік жұмыс күші квотасы бойынша есебінде ескерілмейді. Сондай-ақ, шетел азаматтарының  Қазақстаннан сыртқа қанша қаржы  шығарғандары  жөнінде де ешбір ресми ақпарат жоқ дейді депутат. Еңбек министрі шетелдік жұмыс күшін азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз деп ақталды.

Біржан Нұрымбетов - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; «Шетелдік жұмыс күшін тартуға жылда квота беріледі. Биыл шетелдік жұмыс күшін шақыру квотасы 49 мың адамды құраған. Біз оны 29 мыңға қысқартуды ұсынып отырмыз. Ал заңсыз миграцияға келсек. Мигарция заңын бұзған 126 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып,9 мың адам елден шығарылды».

Үкімет шеттен жұмыс күшін тартып жатқанда, ел ішінде жұмыс таба алмай сабылып жүргендер саны артып отыр.

 Берік Дүйсенбинов - ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Ел  ішіндегіжасырын жұмыссыздықты есептемегенде, жұмыссыз азаматтардың саны 440 мың адамнан асқан».

Депутаттар еңбек мигранттарының санын ескергенде,шетел асқан қаражат көлемі миллиардтап есептеледі дейді. Ал  Қазақстан азаматтарын көбірек тартса ол қаржы ел экономакасында қалар еді. Осылайша қазақстандық еңбек күшін  мигранттармен алмастырып жатыр деп алаңдаған ақжолдықтар, Үкімет басшысынан ел азаматтарына басымдық беруді сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.