Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КӘСІП АШУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

c 16:12, 13/02/2023 c 116

0:00 / 0:00

Елімізде еңбекке қабілетті тұлғаларды жұмыспен қамту мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсенді араласып, қызметке араластыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданған. Оралдағы «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында мүгедектігі бар азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне жұмысқа орналастыру шаралары мен мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіппен шұғылданудың тетіктері түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыссыздар тізімін мүмкіндігі шектеулі жандар да толықтырады.

Азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда мемлекеттік бағдарламалардың үлесі басым. Мәселен, өңірде «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсібін дөңгелеткендердің қарасы қалың. Жуырда кәсіпкерлердің қатарына «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландыруға ие болған тұрғындар қосылмақ. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сай 2023 жылы аталған жобаны жүзеге асыруға 6 млрд-тан астам қаражат бөлініп отыр. Бұл қаражат аясында ауылдық елдімекен мен шағын қалалардағы бизнес жобаларға қолдау жасалатын болады.

Ринад Мұсағалиевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы басқармасы бюджеттік несиенің әкімшісі болып табылады. Бизнес жобаларды қаржыландыру кезінде «жеке кәсіпкерліктің» статусының болуына басымдылық берілген. Әрі мал және құс шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік бар. Мүгедектігі бар азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кәсіпкерлік саласына қатысты толғандырған сұрақтарына жауап алып, мамандарға ұсыныс-тілектерін жеткізді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.