Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдауды қолдауға 1,9 трлиллион қажет

c 19:27, 04/09/2020 c 431

0:00 / 0:00

Жолдауды қолдауға қазынадан 1,9 триллион теңге қажет. Бұл жайында бүгін үкіметте өткен онлайн брифингте  Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты. Өздеріңізге мәлім, Жолдауда айтылған Президенттің тапсырмаларында  мұғалімдер, дәрігерлер мен мемлекеттік қыземткерлердің жалақысын көтеру, ауруханалар салу, дәрі сатып алу, шағын және орта бизнесті субсидиялау, автомобиль жолдарын салу көзделген. Ал биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстан бюджетіне мұнай өндіру саласынан 1,6 триллион теңге түспей қалды. Дегенмен, үкімет мүшелері жолдауды қоладуға дайынбыз деп сендіреді.

Жолдаудағы жүктелген тапсырмаларды орындау үшін министрлер кабинеті кешеден ері жарыса есеп беріп жатыр. Бүгін  қаржыға жауап беретіндер шықты.Жолдауды қолдауға қазынадан 2 триллион теңгег жуық қаражат қажет дейді вице-премьер.Ол биылғы жылдың республикалық бюджетінде қаражат қарастырылған.

Әлихан Смайылов –ҚР үкімет басшысының орынбасары «Бюджетте оған қажетті қаржы қарастырылған. Мсыалы,13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын құруға 30 миллиард теңге бөлінген.  Үкіметтің резервінен әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балаларына компьютерлік жабдықтар сатып алуға қазірдің өзінде 70 миллиард теңге бөлінді. Медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу, дәрі-дәрмек сатып алу және басқа шығындар.  Ал 2021 жылдың бюджетінде Президенттің Жолдауда айтқан тапсырмаларын орындауға 1,6 триллион теңге қарастырылып отыр. Бірінші кезекте, бұл медициналық қызметкерлердің, мұғалімдердің жалақысын арттыру, ШОБ-қа несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға және "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасын іске асыруға жұмсалады».

Ендігі үкімет мүшелері жекелеген тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп  шығыстар нақтыланып жатыр екен. Жолдауды орындауға қажетті 2 трриллионға жуық қаражатты қайдан алады? Вице-премьер қажеттілікті бюджеттің шығыс бөлігін оңтайландыру, көлеңкелі экономиканы азайту жұмысынан түсетін түсімдер, салық салу базасын кеңейту, жеке инвестциялар және кәсіпкерлікті дамыту есебінен қамтамасыз етеміз дейді.  Жолдаудағы тапсырмаларды орындау үшін бюджетке түзетулер енгізіледі. Жолдауды қолдауға қажетті триллиондаған қаржы оффшордағы ақшаларды қайтару арқылы да жүзеге асырылмақ. Президент шенеуіктер мен депутаттардың шетелдегі есепшоттарын тексеруді тапсырған болатын.

Әлихан Смайылов –ҚР үкімет басшысының орынбасары "Офшорлық юрисдикцияға ақша аударуға қатысты заңнама жетілдіріледі. Осы жылдың соңына дейін дамыған елдердің салық органдары арасында жеке және заңды тұлғалардың қаржылық шоттары туралы алғаш рет ақпарат алмасу жоспарланып отыр. Тиісінше, біздің елдің резиденттері бойынша алынған мағлұматтарға талдау жүргізіледі"

Осылайша, бюджеттің шығысы артады.Оны қамту үшін мұнайдан түскен ақшаға толық үміт арта алмаймыз. Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қазынаға мұнай өндіру саласынан 1,6 триллион теңге түспей қалды.

Дағдарысқа  қарамастан, Үкімет экономиканың барлық саласын тұрақты кіріс көзіне айналдыруды көздеп отыр. Дегенмен, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және туризм салаларын дамыту қажет. Сондықтан  үкімет осы салаға басымдық бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.