Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдауды қолдау

c 18:52, 16/09/2019 c 680

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан әкімдігі Президент жолдауын іске асыруға кірісіп кетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің кезекті  сессиясының  ашылуында  ел дамуындағы ең өзекті мәселелерді айтып, оны шешудің нақты жолдарын көрсетіп, құзырлы органдарға тиісті тапсырманы жүктеген болатын. Бүгін елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бастаған топ Жолдауды талқылаған дөңгелек үстелге қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Үкіметтің назарын  бес негізгі салаға бұрды. Олар-заманауи әрі тиімді мемлекет, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономиканың инклюзивті дамуы, әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі және әлеуметті өңірлер.

Жолдауда, шағын және микробизнеске жеңілдіктер қарастырылған. Үш жылға салық ауыртпашылығынан босатылып отыр. Сондай-ақ, билік пен халық арасындағы сенімді арттыруға басымдық жасалды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру тапсырылды.

Халық сенімін артытру үшін азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі де жолдауда көрініс тапты. Осы мақсатта сот пен құқық қорғау жүйелеріне түбегейлі реформалар жүргізілмек.

Білім беру, ана мен бала институтын қолдау, сапалы медициналық қызмет қолжетімділігі, мәдениет қызметкерлерін қолдау, инклюзивті қоғам құру да тапсырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды толыққанды қоғам өміріне тарту үшін инклюзивті қоғам құру көзделіп отыр. Бұл мақсатта алдағы үш жылда 58 млрд теңге бөлінеді, дейді елорда басшылығы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.