Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдаудағы жаңалық

c 09:04, 02/09/2020 c 412

0:00 / 0:00

Келер жылда мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі. Медицина қызметкерлеріне  жүйелі түрде қаржылай қолдау жасалады. Бизенске субсидия беріледі. Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинағын үй алуға немесе емделуге жұмсай алады. Мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектордағы қызметкердерді қысқарту жалғасады. Балалы болуды армандаған отбасылары үшін «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота 7 есеге артады. Бұл жаңашылдықтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жоладуында көрініс тапты. Жолдаудағы жаңалықтар жайында Әселім Қалкен баяндайды.

Парламент палаталарының кезекті сессиясы жұмысын бастады. Бұл жолы Парламент сессиясының ашылуы ерекше болды. Біріншіден онлайн режимде, екіншіден Президенттің халыққа жолдауымен бастау алды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір жарым сағаттық жолдауы 11 бөлімнен тұрады. Әлеуметтік салаға келсек, Президент халыққа керегі жұмыс екенін еске салды.

Ал мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінгенін хабарлады.

Елдегі қауіпті індет тараған сәттен ақ халатты абзал жандардың рөлі маңызды болды. Медицина саласының олқы тұстары ашылды. Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы өзгерді. Адам өмірі үшін күресте дәрігердердің еңбегін бағалау керектігіне көз жеткіздік. Тоқаев дәрігерлерді дағдарыс кезінде жүйелі түрде қаржылай қолдау жалғасатыны айтты.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Алайда отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуі керек, - деді Президент. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердерідің саны қысқарып, оның есесін жалақысы кезең-кезеңмен 10 -25 пайызға дейін өсетін болды.Айтпақшы зейнетақы қорындағы жинақты халық игілігне жұмсау мәселесін Президент тағы қайталады. Осымен үшінші рет көтеріліп отырған мәселені Үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін шешуді жүктеді. Зейнетақы жинағын үй алу немесе емделуге жұмсауға болады.

Қиын сәтте халықтың тауып отырған табысынан салық ұстамау керек деді Тоқаев.Жұмыс берушілерге жыл соңына дейін еңбекақыдан  аударымды ұстамауды бұйырды.

Сондай-ақ, жолдауда  пандемия барысында қиындыққа тап болған шағын және орта бизнесті барлық қолданыстағы кредит бойынша 6%-ке дейінгі пайыздық мөлшерлемемен мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз ету айтылды. Теріс экономикалық салдарды еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік берілді. Субсидиялауды  2021 жылдың соңына дейін созуды және кеңейтуді тапсырды.Бұл мақсатқа қосымша 200 миллиард теңге бөліп, бағдарламаның жалпы көлемін 800 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Сонымен қатар, президент жыл соңына дейін шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік бойынша аренда төлемін есептеуді тоқтатуды тапсырды. Үкіметке демографияны дамыту мақсатында, балалы болуды арман еткен отбасыларын қолдау үшін «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойныша квотаны жеті есеге өсіруді тапсырды. Бала денсаулығы үшін жаппай спортты дамыту, мектеп қабырғасынан балаларға экологиялық тәрбие беру мәселелері де осы жолдаудан көрініс тапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.