Өткен ақпан айында Круглоозерный мен Серебряков ауылдарын жалғайтын №51 қоғамдық көлікте жолақыны төлем карталары арқылы төлеуге болатын пилоттық жоба енгізілгенін хабарлаған едік. Бүгінгі таңда, аталмыш төлем карталарының 80-ні дүкен сөрелерінде саудаланған.Сала мамандарының айтуынша, уақыт өте жолаушылар жаңа жүйеге үйреніп келе жатыр. Сондай-ақ, тасымалдаушы компанияның қызметкерлері бұл төлем карталарының қыр-сырын меңгеріп, ұтымды тұстарын жіпке тізуде. Жаңа төлем карталары арқылы жолақыны төлеуге арналған пилоттық жоба биылғы жылдың мамыр айына жүзеге аспақ.