Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕР ДАУЫ

c 10:11, 18/01/2023 c 123

0:00 / 0:00

Заңсыз иеленген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі үкіметте майшаммен қаралды. Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, бүгінгі күні мемлекет меншігіне пайдаланылмаған және заңсыз иеленген 5,2 млн гектар жер қайтарылды. Ал тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер иелері 1,85 млн гектар алаңда өз жерлерін игеруге кіріскен. Ал биыл 5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару көзделіп отыр. Министр заңсыз алынған жерлерді қайтаруда тегіне қараймаймыз деп күшейіп отыр. Қарашөкеевке тілшілер экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындарына тиесілі жерлер заңбұзушылық анықталған жағдайда мемлекетке қайтарыла ма?- деген сұрақ қойылған болатын.

Еліміздің он бес облысында жайылым жер тапшы. Ауылдықтар малын жаятын жер таппай отыр. Себебі, маңайдағы жердің бәрі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Ал ондай жерлердің көбі игерусіз жатыр. Сол себепті, қолында бар жерін пайдаланбай отырғандардан немесе оны кезінде заңсыз иеленіп алғандардан мемлекет меншігіне қайтарып алу науқаны жүріп жатыр. Ендігі 5,2 млн гектар жер тартып алынды. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық министрлігі тағы 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтаруды көздеп отыр. Жайылым жер тапшылығы Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында сезіліп отыр.

Заңсыз меншіктеп алған жерлерді мемлекетке қайтару барысында ол жер иелерінің тегіне қарамаймыз дейді министр. Яғни егер экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған-туыстарына, бала-шағасына қатысты заңсыз игерілген жерлер болса аяушылық боламйтны сияқты. Себебі, "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы" Конституциялық заңды қабылданғаны мәлім. Назарбаевтың отбасы мүшелері мен жақындарын барлық кепілдіктен айыратын құжат Президенттің қол қоюына жіберілген болатын.

Сондай-ақ, қазақтың дархан даласындағы жерлерге кім ие болып отырғанын интерактивті карта арқылы көруге болады. Министр өткен жылы мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылғанын айтты. Заңсыз берілген, бос жатқан жерлерді қайтарып алу жөніндегі арнайы Комиссия өткен жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп жатқанын еске салғымыз келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.