0:00 / 0:00
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту ақсап тұр. Қазақстандықтар сырттан келген киім-кешекті көп тұтынады. Отандық кәсіпкерлер аяқ- киім де тіге алады, төсек орын да шығарады, киім-кешек те өндіреді. Алайда, олардың қолбайлауы болып отырған бір мәселе-елде мата өндірісі жоқ. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін елордада өткен көрмеде осы салада шағын кәсібін дамытып отырған кәсіпкерлер өз өнімін паш етті. 2400 шаршы метр жерді алатын көрме алаңына 80 отандық компания өнімін шығарды.
Мәтін. Көрмеде қолөнер шеберлерінің ұлттық нақыштағы өнімдері көздің жауын алады. Бұл жерде шағын ғана кәсібін айналдырып отырған 80 отандық компанияның өнімін көруге болады. Алайда, көрмеге шыққан жеңіл өнеркәсіп өнімдері ішкі нарықты толық қамтып отыр деп айта алмайсың. Киім-кешек, көрпе-төсек, аяқ киім, ыдыс-аяқтың бәрі сырттан келеді. Қазақстандық өнімді іздеп жүріп, әрең табасың. Отандық кәсіпті дамытуға не кедергі?
Тері илеу кәсібін де дамыту қажет. Бүгінде бірен-саран шағын кәсіпкерлік аяқ-киім шығарып жатыр. Егер тері саласы бір қалыпта жұмыс істесе, қазақстандық аяқ-киімге сұраныс артар еді.
Тағы бір мәселе, импортпен келіп жатқан тауарлардың бәрі бірдей сапалы емес. Кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін, осы саланы салықтан босату қажет дейді. Әрине алып Қытаймен бәсекеге түсе алмаспыз, бірақ киім-кешек өндірісі дүркіреп тұрған көрші Қырғыз, Өзбекстан елдерімен бақ таласуға болады ғой.
Салтанат Әбдікәрімова – «Атамекен» ҰКП департамент директоры
«Мемлекеттік қолдау керек. Қырғыз елінде, Өзбекстанда жеңіл өнеркәсіп саласы салықтан босатылған. Бізде ондай қолдау жоқ. Бізде мақта, тал жіп шикізаты бар да, мата шығару өндірісі жоқ. Өз киімімзді шығару керек. Ол қолдан келеді, бірақ салық қол байлау болып отыр».
Кеңес дәуірінде жеңіл өнеркәсіптің табысы ел бюджетінің 25 пайызын қамтамасыз етіп, мыңдаған кәсіпорын жұмыс істеген екен.