Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлықпен күреспей отырған министрлер

c 23:31, 29/01/2021 c 538

0:00 / 0:00

Сыбайлас-жемқорлықпен күреспей отырған министрлердің тізімі Президентке тапсырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, ішкі істер министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі және мемлекеттік кірістер комитеті жемқорлықтың алдын алу жолында бейқамдық танытып отыр. Осыған орай, агенттік басшысы осы мемлекеттік органдарға қатысты ұсынысын мемлекет басшысына тапсырған. Сондай-ақ, елдегі жемқорлықпен күресу тағы күшейтілмек. Енді қол астындағы қызметкері жемқорлықпен ұсталса, тікеелй басшысы автоматты түрде қызметінен босатылатын болады. Шененуіктердің заңсыз баю жолы да бақылауға алынады. Тіпті шенеуніктің өзі және отбасы мүшелерінің әлеуметтік желідегі әрекеті қадағаланады. Ал сыбайлас-жемқорлық фактісімен сотталған лауазымды тұлғалар қоғамдық жұмысқа салынатын болады. Бұл мәселе агенттіктің бүгін өткен алқа отырысында талқыланды. Жалпы жемқорлық фактісі бойынша  722 адам сотталды. Оның ішінде облыс әкімі, әкімнің орынбасарлары,  жауапты хатшы, комитет төрағалары, елші мен судьялар, аудандық және қалалық әкімдер бар. 5 вице-министрге қатысты іс тергеліп жатыр. 5 комитет төрағасы мен квазимемлекеттік сектордағы 5 ТОП-менеджердің ісі қаралуда.

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл жолдағы күресін күшейтіп жатыр. Өкінішке орай, өзі басқарып отырған саладағы жемқорлық былығын көре отыра, еш шешім қабылдамайтын министрліктер де бар. Алик Шпекбаев жемқорлықпен күреспей отырған министрліктерді атап, оларға қатысты ұсынысын Президентке тапсырып та қойыпты. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаровтар тізімді бастап тұр.

Алик Шпекбаев – Қр сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы " 2020 жылдың қорытындысы бойынша антикөшбасшылардың үштігіне ішкі істер министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі және мемлекеттік кірістер комитеті енді. Осы органдар жемқорлықтың алдын алу жолында баяу жұмыс істеп келеді. Оны Transparency Kazakhstan-ның әлеуметтік зерттеуі және тергеу практикасы да растады. Мен жаңағы үш мемлекеттік органға қатысты ұсынысты мемлекет басшысына тапсырдым"

Аш-көз жемқорларды  адамзаттың басына түскен ауыр кезең-пандемия да тоқтата алмады дейді агенттік басшысы.

Жекелеген мемлекеттік органдарда жемқорлық жүйеленіп кеткен. Ал қол астындағы қызметкері жемқорлықпен ұсталып жатса да, басшысы қызметінен кетуге ниеттенбейді де. Алайда, заңмен мұндай норам қарастырылған. Енді агенттік бір қызметкер сыбайлас-жемқорлықпен істі болып жатса, оның тікелей басшысы атвотаматты түрде жұмсақ орнынан кететін норма енгізуде. Сондай-ақ, жемқорлықпен сотталған лауазымды тұлғаларды қоғамдық жұмысқа салу қажеттігі айтылды.

Онымен қоса, шенеуніктердің заңсыз баю жолы қатаң бақыланбақ. Өзі және оның отбасы мүшелерінің әлеуметтік желідегі әрекеттері назарға алынады.

Қазір 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыс соттта қаралып жатыр. Оған қоса 112 жүйелік жемқорлықтың дерегі тіркелді. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топ құру бойынша 4 іс қаралып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.