0:00 / 0:00
Биылғы оқу жылында өзге оқу орынында оқыған 112 студент Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жанындағы жатақханада білім алған. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары хабарлап отыр. Облыс көлемінде жиырмаға жуық жатақхана бар. Олардың жай-күйі мен бүгінгі хал-ахуалын тексеру және жатақханаларда оқу орнының студенттері ғана өмір сүретіндіктерін тексеру мақсатында қоғам белсенділері мен мониторг қызметінің мамандары арнайы рейдке шықты.
Студенттерге арналған жатақханада тек сол оқу орнының студенттері тұруы тиіс деген министрдің қаулысы бар. Бүгінде осы қаулы қалай жұмыс жасап жатыр, баспанаға мұқтаж жастарға арналған жатақханаларда кімдер өмір сүріп жатыр. Студент жастарға қандай жағдай жасалынған? Осы сауалдарды анықтау мен жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған арнайы рейд Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінен басталды. Мамандардың келтірген дерегіне сүйенсек, бұл жатақханада 352 студент бар. Олардың 112-сі өзге оқу орынының шәкірттері көрінеді.
Аталған факті не себепті орын алды, бұл мәселе заңды ма осы сауалды сала мамандары алдағы тексеріс жүргізіп анықтамақ.
Жатақханада өмір сүріп, білім алып жатқан студенттер жағдайымыз жақсы, жатақханада барлық жағдай жасалынған деседі. Оқушы жастар үшін жатақханада ыстық тамақ даярлайтын ас үй, кір жуатын машиналар бар. Әрбір студент жылына жатақханадағы бір бөлме үшін 45 мың теңгедей қаражат төлейді.
Ал, бұл облыс орталығында орналасқан «Сервис» Орал технологиялық колледжі. Ғимарат 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен. Бұл оқу орының жанындағы жатақхана 300 орынға жабдықталған. Биылғы оқу жылында 192 шәкірт жатақханада жатып, білім алыпты.