Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ

c 14:00, 27/09/2023 c 103

Ұрлық, тонау, алаяқтық, әлімжеттік, бопсалау. Бүгінгі жастар осы бір тұрпайы әрекетке әуестеніп алған. Әсіресе, кәмелет жасына толмағандар арасында жиі тіркеледі. Жыл басынан полиция қызметкерлері жасөспірімдердің 78 қылмысын анықтаған. Құқықбұзушылыққа жол берген 131 бала кәмелетке толмағандар тізімінде есепте тұр. Жергілікті полиция қызметі басқармасының мамандары қылмыс санын тежеу мақсатында түсіндірме жұмыстары мен анонимді сауалнама жүргізуде. Бұл іс-шара кезінде кәсіптік-техникалық білім ордаларының тәрбиеленушілері қамтылған.

ЖАНБОЛАТ МҰРЗАШЕВ

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінде 362 студент білім алады. Әр баланың оқу мен тәрбие процесіне қатысуынан өзге, студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасы ұдайы назарда. «Психологтің жастармен жұмысы, ата-аналардың білім ордасымен байланысы жас ұрпақтың есті тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етер - басты фактор» дейді ұстаздар.

МАРАЛ ЖАНТУЛЛИНА

А.ИМАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ерте жастан қылмысқа бару - болашағыңа балта шабумен бірдей. Білім басқармасы мен полиция департаменті жылдық жоспар аясында кәмелетке толмаған жастар арасында түсіндірме жұмыстарын өзге де колледждер қабырғасында жалғастырады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.