Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАС ПЕДАГОГТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

c 17:06, 21/02/2023 c 110

Үздіксіз ізденіс, тәжірибе алмасу - ұстаздарды білім шыңына жетелейтін фактор екені сөзсіз. Бүгінгідей инновациялық ортада мектептің жүрегіне баланған ұлағат иелері үшін «жаңашылдық» басты қару болуы тиіс. Осы орайда, Эстетикалық бағыттағы гимназияда өткен «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» байқауы жас мамандардың педагогикалық жолдағы алғашқы аяқ алысын ғана емес, түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік жасады. VI республикалық жас педагогтер байқауының қалалық кезеңін өткізуге білім беру бөлімі мұрындық болып отыр.

 

КСМ: Жас мұғалімдер сынында 20 педагог бақ сынады. Аталған үміткерлерді желілік қауымдастық 50 ұстаздың арасынан іріктеген. Қатысушылардың айтуынша, байқау талаптарының ішінде «ашық сабақ өткізу» кезеңі көптеген жас маманның педагогтік шеберлігі мен оқу процесін ұйымдастыру қабілетін анықтауға септігін тигізіпті. Байқаудың І орын иегері Әселхан Бақтыгерейқызы мен ІІІ орын жүлдегері Аңсар Абай да осындай пікірде.

Байқау «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу, «Шығармашылық жолдың бастамасы» атты таныстыру презентациясын ұсыну, ашық сабақ беру сынды кезеңдерді қамтыды. Жас мамандар байқауының бас жүлдесін жеңіп алған Эстетикалық бағыттағы гимназия мұғалімі Дамир Кунашев Орал қаласы атынан конкурстың облыстық кезеңіне қатысады. Жеңімпаздарға БҚО салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы қалалық комитеті-филиалы атынан сый-сияпат ұсынылды.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.