Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңақалада бірнеше ауылда ауыз су мәселесі шешіледі

c 18:36, 21/06/2018 c 1019

0:00 / 0:00

Бүгін ҚР инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің қатысуымен өткен кеңесте Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев осы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтеретін тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары туралы баяндаса, Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин Жаңақала ауданындағы ауыз су мәселесін шешудегі жұмыстарды таныстырды.

ҚР инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің таратқан мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй мәселесін шешуде қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі жаман емес. Өйткені биылдың өзінде еліміз бойынша 1,5 млн қазақстандық баспаналы болып басты мәселесін бір жақты етсе, облыс бойынша атлаған бағытқа 1,5 млрд теңге қарастырылған. Үстіміздегі жылы облыс орталығында 13 көп қабатты пәтер салу жоспары бар. Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша жаңадан бой көтеретін Ақжайық шағын ауаданында - 78 балалар алаңы ,9 балабақша, 8 мектеп және 3 медициналық мекеме мен 150 көп қабытты үй тұрғызылады деп жоспарлануда. Ал солтүстік шығыс ауадандарда ше?
Сондай-ақ, кеңесте Жаңақала ауданындағы елді мекендерінің ауыз сумен қамтылуы жайын аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин баяндады. Оның айтуынша өткен жылы аудан халқының 51,7% -ы таза ауыз сумен қамтылған болса, биыл бұл көрсеткіш 82%-ға жетпек.

НАУРЫЗБАЙ ҚАРАҒОЙШИН - ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
" - Аудандағы Жаңақала топтық су құбыры жобасының құны - 2,522 млрд.теңге. Өткен жылдың қыркүйегінде басталған құрылыс биыл аяқталады деп жоспарлануда. 145,69 шақырымды құрайтын құбыр құрылысы нәтижесінде 8 елді мекендегі 17000-ға жуық тұрғын ауыз сумен қамтылады", - деді Н.Қарағойшин.

Сонымен қатар,  аудан әкімі «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында Жаңақазан, Жуалыой, Мәстексай, Мұқыр ауылдарындағы су құбырын қайта құру. Сонымен қатар кеңесте аталған ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 3 қабатты тұрғын үйдің құрылыс туралы да баяндалды. Кеңеске қатысқан өңірдің құрылысшы компаниялар өкілдері көгілдір отын тарту мен газ жобалау және су құбырларын өткізу барысында қиындық тудыратын бірқатар мәселені де ашық айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.